2025 ЖЫЛЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАР
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тегін заң көмегі күні, «Әділет кеңес береді», ашық есік күндері сынды 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылғаны айтылды. Сондай-ақ 26 ауылдық округте құқықтық ақпаратқа қолжетімді «құқық кабинеттері» жұмыс істейді. Олар заң деректер қорымен және әділеттің құқықтық жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, нотариат және сот орындаушылары қызметі бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған.
Зияткерлік меншік құқығы бағыты бойынша 102 құқықтық түсіндіру шарасы өткізілген. «Контрафакт» іс-шарасы аясында ішкі істер органдарымен бірлесіп екі әкімшілік іс қозғалған. сОНДАЙ-АҚ ресми құжаттарға 252 апостиль қойылған, оның 57-сі электронды форматта көрсетілген.
Брифинг барысында департамент басшысы құқықтық саланы цифрландыру мәселесіне де тоқталды. 2024 жылы «Робот сот орындаушысы» жобасы іске асырылса, биыл Әділет министрлігі цифрлық атқарушылық жазба бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Сонымен қатар «Тараптар кабинеті» онлайн сервисі және азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Әділет» порталындағы виртуалды чат-бот жұмысын бастады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ