ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ:
⚠️ Сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр
🚀 ULYTAU TV — Болашақтың бейнесі
📢 Жаңа маусым ашылуы жақында!
ЭФИРДІ КӨРУ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

21-01-2026, 17:13 Жаңалықтар 5 0+
Бөлімдер тізімі:

«Атамекен» ұсынған алаңдағы жиынға – Ұлттық қауіпсіздік комиетінің Ұлытау облыстық департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: шағын және орта бизнес саласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының орындалу барысы және аталған бағыттағы ақпараттық түсіндірме жұмыстары.



Елімізде бірқатар шай түрлерін әкелуге және сатуға тыйым салынды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес енгізілген. Бұл жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары айтты. 


Лаззат ҚЫДЫКЕНОВА, Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а


«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» жөніндегі талаптарға байланысты еліміздің сауда нарығындағы:«Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Sultan Suleyman», «БАЛҚИЯ Premium gold» сынды бірнеше қара шай түрін сатуға болмайды. Біз кәсіпкерлерге бұл жөнінде бұған дейін де әлеуметтік желідегі парақшаларымыз арқылы ақпарат бергенбіз. Аталған шәй өнімдерінің адам денсаулығына зияндылығы анықталуда. Түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізетін боламыз.

 Айта кетейік, біздің өңірде бүгінде – 18 мыңнан аса жеке кәсіпкер тіркелген. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту мен саладағы түйткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды көздейтін жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек.


Мұқағали Сейтқазы, Алихан Мұхтар, «ҰЛЫТАУ»

Басты бетке

Пікір қалдыру

ULYTAU APP

Теледидар енді сіздің қалтаңызда. iOS және Android жүйелерінде қолжетімді.

Таралу аймағы
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ Сандық ТВ (DVB-T2)
  • Жезқазған қ.14 арна (474 МГц)
  • Сәтбаев қ.14 арна (474 МГц)
  • Ұлытау ауданы9 арна (538 МГц)
  • Жаңаарқа ауданыҚосу жұмыстары жүруде
  • Қаражал / ЖәйремҚосу жұмыстары жүруде
⚠️ Кәдімгі антенна арқылы тегін көре аласыздар
БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН Спутник & Кабель
ALMATV
ALMATV №174 арна Спутниктік желі
BEETV
BEETV №10 арна Кабельдік желі
ID TV - TV+
ID TV - TV+ №54 арна IPTV
ӘЛЕМНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН НҮКТЕСІ Интернет

Біздің эфирді смартфоннан немесе Smart TV-дан көріңіз