Жыланды кенішіне қарасты Қарашошақ кен орнында негізінен Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің еңбеккерлері жұмыс істейді. Кен өндірісін өрге сүйреп жүргендердің бірі - аталған ұжымда үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Асхан Сұлтанбеков. Еңбек жолын 1999 жылы Жезқазған байыту фабрикасынан бастаған, ол, кейіннен кен орнына ауысады.
Асхан Сұлтанбеков, Жыланды кенішінің үнгілеушісі
Кеншілікке 2006 жылы келдім. Мынау біздің жұмыс барысында қолданатын техникаларымыз. Бізде бірінші кезекте қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады.
Асхан Сұлтанбеков – асқан жауапкершілікті қажет ететін мәртебелі мамандық хас шебері. ІІІ ші және ІІ ші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісінің иегері – ұжымында үлкен құрметке ие.
Айдос Қыстаубаев, Жыланды кенішінің телім басшысы
Бұл кісінің треске еңбегі сіңген. Өз білгендерін кейінгі шәкірттерге үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде.
Кен орнының басшылығы – кеншілердің қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуі үшін жан-жақты қолайлы жағдайларды қарастырудамыз дейді.
Оңдасын Көкеев, Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі директорының өндіріс ісі бойынша орынбасары
Бұл жігіттер ең қиын жұмыстарды атқаруда. Соған сай барлық жағдайды жасауға тырысудамыз.
Жыланды кеніші жаңа кен орыны. Қанатын кеңге жайып келе жатқан ұйымшыл ұжым – тынымсыз тірліктің арқасында тек өрлеуге бастап келеді. Мамандар бұл кеніштің болашағы зор дейді.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы
[media=https://youtu.be/b_HoQeuqTXw]
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |