СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ

Кеншілер марапатталды

Бөлісу:

Кеншілердің қажырлы еңбегі- Отанымыз Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы мен гүлденуінің бірден-бір қозғаушысы.Осы орайда Сатпаев қаласында кеншілер мен байытушылар күніне арналған мерекені негізгі іс-шара ретінде өткізу дәстүрге айналған. Салтанатты шарада Сатпаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, әкімшілік атынан Тоқтар Ысқақов, Екатерина Карпова және Кенжемұрат Жанғабуловқа құрмет грамотасын табыс етті. 

Мұрат БӨРІБАЕВ Сатпаев қаласының әкімі

Үлкен мереке, үлкен той. Мына «Қазақмыс корпорациясының» ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен болып жатқан үлкен той. Менің ойымша сіздерге қандай той, қандай мереке жасаса да барлығы жеткіліксіз болады. Себебі сіздердің еңбектерініңіз, сара жолдарыныңыз қалдырып келе жатқан қазіргі арттарыныңыздан келе жатқан  жастар барлығын түсінеді. Сондықтан да сіздердің денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз тек жақсылыққа, мереке, құт-бақытқа толы болсын. Мереке құтты болсын!

Мерекелік іс-шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. Аманат партиясы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов, «Кәсіпқорған» кәсіподақ ұйымының төрағасы Уәлихан Нұржанов, «JastarBolashaq» жастар Одағының төрағасы Луиза Мыңбаева,  Қазақмыс корпорациясы Сатпаев қалалық ардагерлер кеңес филиалының басшысы Абулаис Мулаков және Қазақмыс Корпорациясы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға марапат табыстады.  

Қали Тіникенов  Оңтүстік Жезқазаған кенішінде өмірінің 42- жылын арнаған. №45-ші  шахтада еңбек еткен. Қазір зейнеткер. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Қали Тіникенов әріптестерін мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Қали ТІНИКЕНОВ «Қазақмыс» корпорациясының Құрметті ардагері

Бүгінгі шараға осы жасап жатқан корпорация басшыларына, осы корпорацияның зейнеткерлер қоғамының басшысы Бүкіров ағамызға сосын, Сатпаев қаласының корпорация қоғманың басшысына рақыметімізді айтамыз. Енді осы келе жатқан кеншілер күнімен барлық кеншілерді құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қаламыз және корпорациямыз көркейе берсін

Кеншілердің зор еңбегін бағалап, оларға аз да болса көңілдерін аулау мақсатында жасалынған  іс-шара өз деңгейінде өтті. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты