«Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-нің жылу энергетика кәсіпорнының №1 жылу станциясы қала халқын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Кеншілер шаһарында жылу беру маусымы 10 қазанда басталды. Қазіргі уақытта екі қазандық жұмыс істеп тұр. Жауапты мамандар, әзірге осы 2 қазандық қаланы жылумен қамтамасыз етуге қауқары жетеді дейді. Күн суыған жағдайда тағы 1 қазандықты іске қоспақ.
Қазір біз штаттық режимде, температура кестесіне сәйкес жұмыс істеп жатырмыз.Сондай-ақ жұмыста бу қазандығы жұмыс істеп тұр. 2 қазандық резервте тұр.
2024-2025 жылыту маусымына дайындық аясында жылумен қамту нысанында екі ыстық су қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ газ құбыры мен екі қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Түтін мұржасы қалпына келтірілді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 1 млрд 700 млн теңгені құрады. «Қазақмыс» корпорациясы қосымша тағы 500 миллион теңге бөлді.
Вячеслав ЛАЗАРЕВ компанияның бас инженерінің м.а
Жылу станциясы температуралық кесте бойынша жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта сыртқы ауа температурасы +5 ті ұстап тұр. Біз жылу трассасына 60 градусты беруіміз қажет. Жылумен қамту мекемесінің хабарламасына сәйкес біз температура кестесінен 10 градус жоғары беріп жатырмыз. 10 қазанда Сәтбаев қаласы әкімінің өкімімен жылу станциясын іске қостық.Қазіргі таңда реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс кезінде шамалы шығарындылар болуы мүмкін. Алаңдауға негіз жоқ.
Жылу орталығы өкілдерінің айтуынша, жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Кәсіпорын қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, бүгінде №1 жылу станциясында 105 мың тонна көмір мен 500 тонна мазут бар. Орташа тәуліктік көмір тұтыну 1600 тоннаны құрайды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |