Жанбол Шотов- Қарағаш аулдық округі Ынталы ауылының тұрғыны. Тасқын кезінде үйін су шайып, іргетасы сөгіліп баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Тұрғынның тілегі ескеріліп Жаңаарқа кенті Садвакасов көшесі 118 А мекен жайында орналасқан жеке үй таңдалып алынды. Осылайша аудан әкімдігінің резервтік қорынан 14 млн 278 мың теңге қаражат бөлініп, су тасқынан зардап шеккен тұрғынға осы баспана берілді.
Жанбол ШОТОВ Жаңаарқа ауданының тұрғыны
Ауылыма су кіріп кеткен. Денсаулығым да жарамайды. Сол үшін Жаңаарқадан үй беруді сұрадым.Облыс әкімініе,аудан әкіміне алғысымды білдіремін.
Тасқынның кесірінен бір-ақ сәтте баспанасы мен бар мүлкінен айырылғанның тағы бірі - Алпыс Исаков. Туған жерінде қаламын деген оған облыс әкімдігінен қаржы бөлініп ауданы 80 шаршы метр болатын жеке үй салынуда қазір. Іргетасы қаланып та қойды.
Дулат ЕРҒАЛИҰЛЫ Қарағаш ауылдық округінің әкімі
40 пайыздай жұмыс аяқталды. Мердігер жеке кәсіпкер «Ахметова» құрылыс жүргізіп жатыр. Қүрылыс қақынды жүріп жатыр.
Алпыс Исаков Ынталы ауылының тұрғыны
Қазір жергілікті әкімдік уақытша үй берді. Мұндай жағдай өзі бірінші рет болып тұр. Енді қайталанбасын деп тілеймін.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.
Мемлекет тарапынан барлық су кірген 10 үйдің тұрғынына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік төлем аударылды.Сонымен қоса аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен 1 млн 300мың теңгеге азық түлік және құрылыс материалдарымен көмек көрсетілді.
Мұрат ИБРАЕВ Жаңаарқа ауданы әкімінің м.а.
Және де 1 үйге судың жартылай кіруіне байланысты ағымдық жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1 млн 168 мың теңге жеке шотына аударылып берілді. Бүгінгі күні жеке тұрғын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жалпы тасқын кезінде облыс аумағында 22 үйді су шайған еді. Тасқын салдарын жою жұмыстары облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ