1925 жылы бой көтерген бұл ғимарат алғашында клуб үйі, 1953 жылы мәдениет үйі болып ашылған. 2012 жылға дейін «Қазақмыс»корпорациясының еншісінде болған кешен бірнеше мәрте жөндеуден өткен. Ал, 2023 жылы күрделі жөндеуге «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және аудандық қазынадан 123 млн теңге бөлінген.Оның 112млн теңгесіне «Еңбек»ЖШС жұмыстарды жүргізген.
Айткүл ИБРАЕВА Қарсақбай кентіндегі мәдениет үйінің меңгерушісі
Тамыз айында басталып желтоқсан аяғында аяқталды. Жылу жүйесі жаңартылды. Жылы едендер төселді. Бұрын қандай суық болса мұның іші қазір өте жылы жақсы мәдениет үйінің іші. Жұмыс жасауға өте қолайлы.
Ғимараттың сырты металл сайдингпен қапталған. Есіктері ауыстырылған. Сахна мен ішкі төбелері жөнделді.Еденге қыш тастар төселді.Қзаіргі таңда мәдениет үйінде 8 үйірме жұмыс істейді.
Айткүл ИБРАЕВА Қарсақбай кентіндегі мәдениет үйінің меңгерушісі
Әжелер үйірмесі бар.Үлкен аудандық,республикалық,облыстық іс-шараларға қатысып жүр. Домбыра үйірмесі бар. Оған енді 2019 жылы ауданнан ұлттық аспаптар бөлінген. Сосын тағы да шахмат үйірмесі,кент өнерпаздар үйірмесі, шебер қолдар үйірмелері өз деңгейінде жұмыстар жасалып жатыр.Әр-түрлі іс шаралар өткіземіз. Аудандық,облыстық байқауларға қатысамыз.
Жаңаша кейіпке енген мәдениет сарайының ажары айрықша.Қазір онда 16 маман қызмет етеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ