Аймақта жер сілкінісі сезілді. Шұғыл ескерту жарияланды. Облыс әкімдігінің үшінші қабатында бетон плиталары құлап, адамды басып қалды. Құтқарушылар гидравликалық құралдарды пайдаланып зардап шегушіні құтқарды. Сонымен қатар, әкімдіктің жетінші қабаты шартты түрде өрт ошағына айналды. Адамдар өз бетімен оқиға орнын тастап кете алмады. Оларды құтқару үшін баспалдақ пайдаланылды. Тәртіп сақшылары да ғимаратты қоршауға алды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді.Бұл, әрине тек оқу жаттығу.
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығы
Бүгін оқу жаттығу нәтисжесінде облыс бойынша 60тан астам мемлекеттік мекеме мен оқу оқитын жерлерде жоспармен соларға оқу әдістемелері істеліп жатыр .Негізгі оқу жаттығудың масқаты- бұл оқушылар мен қызметшілерді және де халықты бірінші жер сілкінісі уақытында іс-әрекеттерін қамтуға және пысықтап үйретуге негізгі мақсат осы.
Жаттығуға 10 техника мен 40 адам қатысты. Апат айтып келмейді.Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Құтқару штабының жедел әрекеті «төтенше жағдай орын алған жағдайда бұған дайынбыз ба?» деген жұрттың көкейіндегі көп сауалға бір жауап болды. Соңында командалық құтқару штабының техникалық жағдайлары бағамдалды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ