Қысы қарлы, табиғаты сұлу Ұлт Ұясы Ұлытаудың тау бөктерінде өтетін дәстүрлі спартакиадаға спорт бөлімі мен орталығы және жастар орталығы ұйытқы болды. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды.
Марат Оразалин Ұлытау аудандық дене шынықтыру және спорт бөілімінің басшысы
Бұл фестивальдің негізгі мақсаты Ұлытаудағы бұқаралық спортты дамыту,тұрғындардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалану. Отбасылық сайыстар бірнеше кезеңнен тұрады, таудың басынан ту алу эстафетасы болады.
Отбасылық сайыс. Бұл кезеңде отбасы мүшелері бірігіп кедергілерден өтіп, белгіленген межеге жетіп тез арада есеп шығарып, орындарына қайта келу керек болды. Жарысқа қатысқан Тұрлыбаевтар отбасы бұл кезеңде тәрибелік мән де жатыр дейді.
Тұрлыбаевтар отбасы жарыс қатысушылары
Бұл ойынның мақсаты,бұл ойын топтық жұмыс болды.Анасы мен әкесі бірлесіп аяғымыз скочталғанда сол сияқты мен өзім ойлаймын барлық мынау қазіргі өмірдегі проблемалық жағдайды бірлесіп шешу керекпіз.Ойын сондай мақсатпен тәрбиелік мағынамен өтіп жатыр. Денсаулық зор байлық дейді,осындай спорттарға қатысуға кеңес береміз.
Ал, Айтбековтер отбасы үшін бұл кезең қиынға соқпады. Себебі, Ләззат Базарбекова бастауыш сынып мұғалімі.Берілген тапсырманы тез арада бірлесіп орындаған.
Айтбековтер отбасы жарыс қатысушылары
Біз «Мұзбел»атты спорттық сайысқа қатысып жатырмыз. Найман командасының атынан.Осындай спорттық жарыстыр бола берсін. Демалыс күндеріміз сәтті өтсін.Басқа қатысушыларға сәттілік тілейміз . тек қана алға.
Келесі кезеңде жастар тау шыңына шығып ту алып келді. Сондай-ақ отбасы мүшелері шанамен сырғанаудан сынға түсті. Дәстүрлі түрде өтіп тұратын жарысқа Ұлытау ауданындағы пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар да қатысты. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, аудан еріктісі Мөлдір Жаппасова ысқтық шаймен тәттілермен демеушілік білдірді. Алдағы уақытта балық аулаудан жарыс ұйымдастырлмақ. Мұның барлығы ауданның 85 жылдық мерейтойына арналып отыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ