Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып отырған «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС әр айда атқарылған жұмыстары жөнінде комиссия мүшелері мен аймақтың қоғамдық өкілдері алдында есеп беріп келеді. Жиын барысында ағымдағы жылдың ақпан айында атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, халықтың денсаулығының сапасын бағалау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Есеп беру жиынында «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің Ұлытау облысындағы өкілдігінің директоры Ерлан Садуақасов Ұлытау өңірінде азот диоксиді, күкірт диоксиді бойынша нормадан ауытқулар тіркелгенін айтты.
Ерлан САДУАҚАСОВ «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің Ұлытау облысындағы өкілдігінің директоры
-Қазіргі уақтта Жезқазған Сәтбаев қалаларында әдеттегідей ауаның ластануын байқап жатырмыз. Пием 2,5,пием 10 деген чистицалар бар. Сосын азоит диоксидінен нормадан ауытқулар анықталып жатыр.Сәтбаев қаласынан қар құрамасын алып зерттеп жатырмыз.
Комиссия отырысында өсімдіктер дүниесінің, топырақ қабаттарының жағдайы, әлеуметтік-экономикалық дамуды бағалау және тұрғындардың денсаулығын зерделеу бойынша атқарылған жұмыстар да ортаға салынды. Бұл жөнінде «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС Ғылым және аналитикалық зерттеулер департаментінің директоры Наталья Яковлева баяндады
Наталья ЯКОВЛЕВА «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС Ғылым және аналитикалық зерттеулер департаментінің директоры
Жезқазғандағы жапырақтардан сынама алдық. Сынама алу бырысында мынандай қорытындыға келдік. Жастар саябағы мен қалалық жағажай орналасқна жерден кемішілктер таптық. Ал тіпті нашар деп Сәтбаевтың автовокзалын және Жезқазғандағы мыс қорыту зауытының жанын айтар едім.
Жиынды жүргізген Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы алда әлі ауқымды міндеттер тұрғанына, оны сапалы атқару қажеттігіне тоқталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |