Ұлытау облысында кәсіпкерлердің бастамасын қолдау үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» филиалдары мен «Ұлытау» ӘКК жұмыс істейді. Аталған орталықтар шағын және орта бизнес иелері үшін арнайы ақпарат алаңын ұйымдастырған.
Ғалымжан Сүтбаев, Ұлытау облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік құқығын қорғау жөніндегі басқарушы директоры
(Мұнда келген кәсіпкерлер – сала мамандарынан түрлі кеңестерін ала алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жайында кеңінен ақпарат беріледі.)
Кәсіпкерлермен кездесуге аймақ басшысымен бірге облыс прокуроры Жасұлан Еламанов арнайы қатысты. Өткен жылы – өңірдегі қаржылық институттардың қолдауымен 65 ауылшаруашылығы техникасы жаңартылған. Сонымен қатар . «Ауыл аманаты» ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасы да жемісті жүзеге асқан.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
(Өңірдегі кәсіпкерлік мәселесі – басты назарда. Бәріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы бұған ерекше назар аударуда. Бұл бағытта арнайы инвестициялық штаб құрылған.)
Кездесу еркін форматта өтті. Жиналғандар сұрақтарын облыс әкіміне, тиісті басқарма басшыларына тікелей жолдады, сондай-ақ осы уақытқа дейін бизнес иелерінен келіп түскен сауалдарға да жауап берілді. Атап айтар болсақ, кәсіпкерлер тарапынан жеке бизнес иелеріне коммуналдық тариф бағасын төмендетуге, биылдан қалмай ветеринариялық зертхана ашуға, балабақшалардағы тамақтануға төленетін ақы мен азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сұрақтар қойды.
Лариса Гелисханова, жеке кәсіпкер
(Көптен көкейде жүрген сауалдарымызды қойып, ой-пікірлдерімізді ортаға салдық. Әрине, жаңадан құрылған облысб олған соң, мәселелердің жеткілікті болуын да заңдылық деп білеміз. Біз де басты мәселе – логистика саласында. Жезқазғанды өзге облыстармен байланыстыратын жолдар жөнделсе, біздің басқа аймақтардың сауда алаңдарына шығуымызға мүмкіндіктер ашылар еді.)
Жиыннан кейін аймақ басшысы мен облыс прокуроры кәсіпкерлер қауымын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы