Тұраш Қожабаев – 1958 жылы Жезді өңірінде дүниеге келген. Тумысынан техниканың тілін түсіне білген жан 1976 жылдан бері трактордың тізгінінде. Алып техниканы атша мініп алған азаматтың айтары – еңбек ете білгеннен ертеңі зор!
Тұраш Қожабаев, еңбек ардагері
(Жастарға айтарым – аянбай біз сияқты еңбек етсін. Былай қарағанда тракторист болып істедім. Зейнеткер болсам да әлі жұмыс істеп келемін.)
Зейнет жасына жеткен біздің кейіпкер әлі де еңбек майданында. Себебі, Тұраш сынды тәжірибелі жүргізушілер біріншіден таптыра қоймайды, екіншіден жас мамандарға жетекшілік етіп, көрген-білгені мен ақыл-кеңесін айтып жүреді дейді «Жезбұлақтың» басшылығы!
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы