ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қайта қылмыс жасаудың алдын алу

Бөлісу:

Жария сот отырысына Жезқазған қаласының пробация қызметінің басшысы, прокуратур қызметкерлері және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар қатысты.

Сот отырысында Жезқазған қаласы пробация қызметінде тіркеуде тұрған А тегіндегі азаматқа қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

 

Диас Мұрат, Жезқазған қалалық прокуратурасының прокуроры

(Бүгінгі іс шараның мақсаты: пробация есебінде тіркеудегі азаматтардың қайтадан қылмыс жасауының алдын алу болып табылады. Сонымен қатар пробация қызметі прокуратура өкілдерімен бірлесе олардың мекен жайлары бойынша тәртіптік қадағалау жүргізеді.)


Думан Кемельбаев, Жезқазған қалалық пробация қызметінің басшысы

 

Бүгінгі күні Жезқазған қалалық пробациялық бақылау қызметінің есебінде 144 адам есепте тұр. Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның есебінде тұрған азаматтар заң талаптарына сәйкес белгіленген жауаптылықта болады. Яғни, жауаптылықтан жалтарса пробация қызметі оларды шартты түрде соттаудың күшін жойып, сот үкімімен жаза тағайындауды сұрайды. 


Мұқағали Сейтқазы, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты