Мәселен, конкурска қатысушы үміткер мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты Департаментке шағымданған. Тексеріс барысында бос орынға қатысушы үміткерді конкурстық комиссия дұрыс бағаламай, нәтижесінде бос лауазымға орналасуға негізсіз бас тартылған.
Департаменттің жедел ден қою шараларының нәтижесінде конкурстық комиссияның шешімі заңсыз деп танылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, шағым иесінің бұзылған құқықтары мен заңды мүделлері қалпына келтірілді.
Департамент өткен жылы азаматтардың арыз-шағымдары мен өзге де негіздер бойынша 8 бақылау шараларын өткізіп, нәтижесінде мемлекеттік органдардың қызметінде 400-ден аса заң бұзушылықтарды анықтады. Заңға қайшы тәртіптік жазаға тартылған 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты шығарылған актінің күші жойылды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында да Департаментпен біршама жүйелі жұмыстар атқарылды.
- Мәселен, Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларда болу кезіндегі құқықтарының сақталауына талдау жүргізілген болатын.Талдау нәтижесі бойынша 10 мемлекеттік қызметшіге тұрғын үйді жалға алуға бағытталған 160 000 теңге көлеміндегі төлемдері толықтай төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
- Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалында 29-31 қаңтар аралығында «Б» корпусының мемлекеттiк қызметшілері үшін негізгі жұмыстан қол үзе отырып (күндізгі оқыту түрі бойынша) оқытуға жіберілген 23 мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарының уақытылы төленбегендігі анықталды .Департаменттің ден қою шараларының негізінде аталған мемлекеттік қызметшілерге 2120000 теңге көлеміндегі іссапар төлемдері толықтай төленіп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тартудың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режиміне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Өткен жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 46 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары, 31 қызметшіге заңсыз үстеме жұмысқа тартылғандары үшін 1 104 196 теңге мөлшерінде төлемақы төленді. Биылғы жылы қаңтар, ақпан айларында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 4 мемлекеттік қызметшіге 4 сағат 23 минут тынығу сағаттары берілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ