Бұл жолғы сенбіліктің маңыздылығы жоғары. Ілкімді іс пен қатар мол сауапқа кенелетін шараға өңірдегі діни бірлестік өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, еріктілер мен белсенді тұрғындар қатысты. Тазалық жұмыстарын бастамас бұрын облыстың бас имамы марқұмдардың рухына арнайы құран бағыштады.
Қала іргесіндегі мұсылмандар қорымында өткен сенбілікке 100 ге жуық адам жұмылдырылды. Бес күн жалған дүниенің бір күні таусылатынынын түсіндіріп тұрған мазарлар маңайы айналасы 2 сағаттың ішінде жинақы қалыпқа енді.
Айта кетейік, Таза Қазақстан экологиялық акциясы әрі қарай да жалғасады.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы