Аталған жиынға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, аймағымыздың бизнесмендері және осы бағытта жұмыс істеп жүрген бірнеше орталықтар қатысты. Елімізде Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілген. Жоба шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жас облыстағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламаларды Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ғазиз Төлеуов кеңінен айтып берді.
Ресми Статистикаға сүйенсек 2023 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7,9 пайызға өскен. Бұл ретте – кәсіпкерліктің кеңінен қанат жаюына кедергі жасап тұрған факторлар да тілге тиек етілді...
Жиын бойынша көтерілген сұрақтар – салаға жауапты басқарманың бақылауына алынды. Өңір аумағында сұранысқа ие кәсіп түрін дөңгелетем деген жанға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар болатындығы да айтылды.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы