Аймақ басшысы тиісті басқарма басшыларымен барған алғашқы нысан кент ішінде құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру сауықтыру кешені.Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр дейді мердігер, алайда құрылыс басынында жұмыс жасап жатқан адам жоқ. Негізінен 15 жұмыскер бар екен.
Өңір басшысы барған екінші нысан Жаңа-Нұр ықшам ауданында орналасқан 48, 36, 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. 4 үйдің 1 қабатының құрылысы аяқталған. Тұрғын үйлер «Астана премиум строй» және «Ақжол» ЖШС қаражатына салынып жатыр. Берік Әбдіғалиұлы абаттандыру жұмыстары мен құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды.
18 пәтерлі тұрғын үйдің шаршы метрі 2000-ға жуық. Тұрғын үй баспана кезегінде тұрған жаңаарқалықтарға қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Перизат Дәлкенқызы, Айдос Өмірбекұлы, Ұлытау