Алдымен алаяқтық қылмыстарға тоқталайық. Ағымдағы жылдың 7 айында бұл қылмыс түрі 21 пайызға өскен. Профилактикалық шаралардың нәтижесінде интернеттегі алаяқтық қылмыстар біршама төмендеген. Брифингке қатысқан облыс прокурорының аға көмекшісі Жігер Малтиков алаяқтыққа қарсы жасалған жұмыстарды тізіп шықты.
Жігер МАЛТИКОВ Облыс прокурорының аға көмекшісі
Атап айтатын болсақ Ұлытау облысы ПД интернет алаяқтыққа қарсы арнайы мамандандырылған киберпол тобы ашылып осыған дейін ашылмай тұрған тоқтатылған істерді қайта қарап оларды ашу мақсатында қосымша жоспарлар жасалып жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген мамандандырылған жедел тергеу топтары жұмыс жасауда.
Есірткі де күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Статистика да мәз емес. Облыстағы есірткі қылмыстарын анықтау жұмыстарының күшейтілгеніне байланысты олар 86% өскен екен. Сондай-ақ брфингте жол көлік оқиғасының статистикасы баяндалды.
Наруызбай ЕСІРКЕП Ұлытау облыстық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 131 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 17 адам қайтыс болды, 206 адам әртүрлі жарақаттар алды. Ең көп адам өлімі Жаңаарқа (6), Ұлытау (5), Сатпаев (3), Жезқазған (1) және Қаражал қалаларының жолдарында (1) қаза тапқан. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі көліктердің ақаулығынан емес, жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Бұл барлық апаттардың 95 % құрайды.
Сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері көлік жүргізушілерін сақ болуға,жылдамдықты асырмауға шақырды. Ал, Ұлытау облысы білім басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Жұматова буллинг және суицидтің профилактикасына тоқталды.
Гүлмира ЖҰМАТОВА Ұлытау облысы білім басқармасының бөлім басшысы
Жалпы Ұлытау облысы бойынеша 2022 жылы жасөсіпірмдер арасында суицид тіркелген жоқ. 2023 жылы 2 аяқталған суицид, 4 адам суицид әрекетіне барған. Ал 2024 жылы 4 адам суицидке әрекет жасаған жасөсірімдер анықталды. Бұл жөнінде құзырлы органдар,мамандар жан-жақты көмек көрсетіп, жұмыстар жүргізілді.
Брифингке қатыстқан спикерлер, бүгінгі таңдағы ең өзекті деген мәселелерді көтерді. Оның алдын-алу жолдарын баяндады. Одан кейін әлеуметтік желіден келген сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ