Аталған жиынды Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейіт ашып, жүргізіп отырды. Алдымен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Ерен Мейрембеков 2023 жылы атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Ерен Мейрембеков, Ұлытау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы
Өткен жылғы күзгі шақыруға Қарулы Күштердің және басқа да әскерлері мен құрылымдарын жасақтауға - 348 адамға наряд берілсе, 350 жас әскер қатарына шақырылып, меже артығымен орындалған.
Сонымен қатар жиында дәрігерлік комиссия мен әскери-техникалық дайындық мәселелері де қаралды. Жоспар бойынша 2024 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде 339 жас әскер қатарына шақырылмақ. Шара соңында Ұлытау облыстық қорғаныс істері департаментінің басшылығы бірқатар офицерге «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» және «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгін табыстап, арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы