ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Заңсыз қоқыс алаңдары жойылады

Бөлісу:

Жезқазғанда күл-қоқыс төгетін жалғыз полигон бар. Құрылыс пен шағын өндірістен шығатын ірі көлемдегі қалдықтарды қала сыртына шығаруға құлықсыз тұрғындар рұқсат етілмеген орындарды қоқыс алаңына айналдырған. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағына рейд ұйымдастырған экологтар жауапты мамандарға заңсыз үйінділерді жою жөнінде кезекті рет ескерту жасады. 

Әмірхан Тарғынов, Ұлытау облысының экология департаменті басшысының м.а.

 (-жыл басынан хат жазудамыз, яғни осындай көлемде бізде ошақтар бар, оны жинау керек. Бірақ, осы күнге дейін бірде-бір жұмыс атқарылмаған. Көңіл бөлінбеген.   ЖКХ айтуынша подрядчиктермен келісім үзілген. +++Жұмыстар жүргізілмеуіне байланысты тексеріс тағайындалып басшысына айыппұл салынды. )

Заңсыз қоқыс үйінділерінің басым бөлігі қаланың Кенесары және Батыс шағын аудандарында. Ал, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Абылай Есен  бұл ретте мәселе бар дейді. 

Абылай Есен, Жезқазған қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары

-Өзіне жүктелген міндетті дұрыс атқармаған мердігерлік ұйыммен келісім-шарт бұзылды.  Ол жосықсыз мердігерлер тізіміне қосылды. Енді қайтадан мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізіп жатырмыз. Осының нәтижесі бойынша тоқтап қалған жұмыс жалғасатын болады.

Ұзақ жылдар қараусыз жатқан заңсыз үйінділерді жоюға қала билігі 174 млн теңге бөліп отыр.  Бұл ретте, полицейлермен бірлесіп, қоқыс тастайды деген алаңдарды бақылау да күшейтілген. Жыл басынан бері белгіленбеген жерге қоқыс тастаған 10-нан астам тұрғынға тәртіп сақшылары айыппұл салған.

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты