Жаңа оқу жылы қарсаңында аманаттықтар облыс көлемінде 3000ға жуық оқушыға мектеп портфельдерін сыйға тартуда. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары бар. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл акция бүлдіршіндерге мектепке қажетті құрал-жабдықпен жәрдем беріп, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды көздейді.
Ортопедиялық рюзактармен қоса жиынтықтың ішінде кеңсе тауарлары, дәптер, қалам және т,б мектепке қажетті құралдар бар. Ата-аналар сапалы мектеп жиынтығы үшін алғысын білдірді.Айта кетейік, Акцияның мақсаты – оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету.
Перизат Дәлкенқызы, Думан Оразов, Ұлытау телеарнасы