Нұржан Бейісбеков – Жезқазған музыкалық колледжінің түлегі. 2009 жылдан бері «шалғайдағы емес, маңдайдағы театр» атанған өнер ұжымының сапында жүрген жас таланат – сахнада қалай шебер ойнаса, бозкілемде де дәл солай еркін қимылдай алады. Қазақ күресінен өткен театр актерлері арасындағы додада топ жарған жерлесімізді әріптестері үлкен құрметкен күтіп алды.
Нұржан – туринрдің чемпионы ғана атанып қоймай, «Ең үздік әдісі» аталымының да иегері болған. Қарсыластарын алып та, шалып та жыққан Ұлытаудың ұлы 66 келі салмақ дәрежесінде оза шапты.
Айта кетейік, Серке театрының серкесі енді қыркүйек айында өтетін халықаралық турнирде бақ сынайтын болады.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы