Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Сондықтан олардың жұмысы сапалы болғаны маңызды. Жиынды ашып, жүргізіп отырған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев осыған мән беру қажеттігіне тоқталды. Себебі, Жезқазған қаласы бойынша тіркелген 300 ге жуық қоғамдық ұйымның тек жартысы ғана жұмыс жүргізіп отыр. Ал, қоғамдық іске белсенді араласатыны 20-дан сәл асады.
БАҚЫТЖАН ЖАЙЛАУБАЕВ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
-ӘРИНЕ БІЗ ҮШІН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ, ЫНТЫМАҚТЫҒЫН КҮШЕЙТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОЛ ҮШІН СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗ БІЗ ҮШІН ҚАШАН ДА БОЛМАСЫН ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. ҚАЛАМЫЗДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТҚАН АЗАМАТТАР ӨЗДЕРІНІҢ ЯҒНИ ҰСЫНЫСТАРЫН БІЛДІРІП БҮГІНГІ ЖИНАЛЫСҚА ҚАТЫСАЙЫҚ ДЕП ҰСЫНЫС БІЛДІРГЕН АҒАЛАРЫМЫЗ БАР. СІЗДЕРГЕ ДЕ ҮЛКЕН РАХМЕТ.
Үкіметтік емес ұйымдардың басын қосатын орталық қажет. Өзге өңірлерде әлдеқашан жүзеге асқан жобаны Жезқазғанда да қолға алған жөн. Бұл мәселені кеңес отырысында «Заман жарғысы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. Аталған бірлестік былтырдан бері үкіметтік емес ұйымдарға ұйымдастырушылық жұмыстарды ширату және заң тұрғысынан қолдау білдіру бағытында жұмыс жасайды.
ӘСЕМ СЕРІК «ЗАМАН ЖАРҒЫСЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
-ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨЗДЕРІНІҢ ҒИМАРАТЫНЫҢ ЖОҚ БОЛУЫ. ТҰРАҚТЫ ӨЗДЕРІ ОТЫРАТЫН ЖЕРЛЕРІ ЖОҚ. СОНДЫҚТАН КӨБІНЕСЕ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА ӨТЕДІ КЕЗДЕСУЛЕР. БІЗ ОЛ ЖАҒЫНАН КӨМЕГІМІЗДІ АЯМАЙМЫЗ. БІРАҚ ДЕГЕНМЕН БАСҚА ДА ҚАЛАЛАРДА АШЫЛЫП ЖАТҚАН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮЙІ БОЛСА. ОЛ ТАРАПТА БІЗДІҢ ӘКІМГЕ СҰРАҚТЫ КӨТЕРГЕН БОЛАТЫНБЫЗ. ЖАҚЫН АРАДА ШЕШІЛЕДІ ДЕГЕН ҮМІТІМІЗДІ ҮЗГЕН ЖОҚПЫЗ.
Кеңес отырысында ерекше қолдауды қажет ететін балалардың тәрбесіне қатысты мәселе көтерілді. Ұлттық спорт түрлері үйірмелерінің жұмысын жетілдіру жолдары талқыланды. Жиын соңында өткен жылы белсенді жұмыс атқарған қоғамдық ұйым мүшелері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ ҰЛЫТАУ ТЕЛЕАРНАСЫ