ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аппараттық жиын

Бөлісу:

Өңірге инвестиция тарту, жаңа өнеркәсіп орындарды ашу және бизнесті дамыту - аймақты дамытудың негізгі, әрі маңызды басым бөлігі болып табылады. 2024 жылы қаңтар айының өзінде Ұлытау облысы бойынша негізгі капиталға 10,4 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынған. Облыс экономикасына инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

 

Данияр Арынғазин, Ұлытау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Бүгінгі таңда, 2200-ден астам жұмыс орнын құруымен, жалпы құны 752 млрд. теңгеге 32 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды.

Оның ішінде, биылғы жылы жалпы құны 28 млрд. теңгеге 900-дан аса жұмыс орнын құруымен 17 жобаны іске қосу жоспарлануда


Жуырда инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің арнайы отырысы өтеді. Берік Әбдіғалиұлы бұл мәселелердің орындалуын өңірге қарасты қала-аудандарда қадағалауда ұстауды тапсырды.

 

 Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі


Әрбір қала-аудан бойынша жоспар бөлінген ғой. Соның орындалысын бақылаңыздар. Сосын қала әкімдері өздері баяндайды жеке. Біз қазір екінші ТЭЦ бойынша инвесторлармен сөйлесіп жатырмыз. Бізге бірнеше инвестордың тізімі келеді, солармен сөйлесуіміз керек.

 

Ал, абаттандыру бойынша биыл облыста - қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен 6 млрд.теңгеден астам сомаға 10 бағытта іс-шара жоспарланған...

 

Алмаз Жандарбеков, Ұлытау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы  


911,5 млн.теңгеге 71 дана балалардың ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. (2023 жылы –  60 балалар ойын алаңы орнатылды). 593,5 млн.теңгеге 31 дана спорт алаңын орнату жоспарланды. 2023 жылы – 44 спорт алаңы орнатылды


Сонымен қатар Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақмыс Корпорациясы» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 5 млрд. 635 теңге сомасына түрлі деңгейдегі абаттандыру мен көгалданыру жұмыстары қолға алынбақ.

 

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі


Абаттандыруға бірқатар жобалар бастап, оның ішінде «Қазақмыс» корпорациясының қатысуымен көп көңіл бөлініп отыр. Бұл –Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Арнайы жол картасы дайындалған.


Аталған сала бойынша жоспарлаған шаралармен Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов та таныстырып өтті. Сонымен қатар аппаратық жиында Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласындағы ауа-райының қолайсыздығынан қырылып жатқан жылқылардың жәйі да назардан тыс қалмады. 

 

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі


Мұндай дүниелер айтып келмеді. Табиғаттың құбылысы. Дайын болуымыз керек, алдын ала малдың басын сақтандырып қою қажет.


Аппараттық кеңесте айтылған сұрақтар бойынша тиісті басқармаларға тапсырмалар жүктелді. Көтерілген мәселер Берік Әбдіғалиұлының тікелей бақылауында болмақ.

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты