Аталмыш жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, таза ауада демалыс сыйлай отырып, адамдар арасында ұйымшылдықты, достықты нығайту. Оның үстіне, Қыста балық аулаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сайысқа жүзге тарта балықшы қатысты. Олардың арасында кәсіби деңгейдегі балықшылар мен жаңадан үйреніп жүргендері де бар. Қатысушыларға алдымен мұздағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Жарыс алдымен балық аулауға ыңғайлы орындарда мұзды оюдан басталды. Содан кейін балықшыларға – балық аулауға 2 сағат уақыт берілді.
Вадим Ершов, жарыс жеңімпазы
Мұндай жарысқа екінші рет қатысудамын, былтыр жеңімпаз бола алмаған едім. Биыл дайындығым жақсы, көптен бері балық аулап жүрмін.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар мен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы