«Жезқазған – Қызылорда» автожолын қалпына келтіру Ұлытаудың ғана емес, өзге де бірқатар өңірдің дамуына серпін береді. 208 шақырым жолды реконструкциялауға 4 мердігер компания анықталған. Мердігер ұйымдар қазір жол бойында вахталық қалашықтар орнату, айналма жол салу секілді жұмыстарды бастап кеткен.
Әзірге, ойдым-ойдым ұзақ жолды еңсеру жүргізушілерге оңай болмай тұр. Осы аралықта қатынайтын көліктер айналма жолмен амалдап, күре жолдың пайдалануға берілгенін жұрт асыға күтіп жүр. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашаев әзрілік жұмыстарын қадағалады. Ал, жұмыстарды бақылаған аймақ басшысы Дастан Рыспеков жергілікті жұмысркелерді жұмылдыру керек деді.
Құрылысқа толықтай отандық материал пайдаланылады. Автомобиль жолының құрылысына қатысты мердігердің әзргіе екеуі Ұлытау облысында тіркелген. Жолға қажетті қиыршық тас Жезқазғанның іргесінен тасылады. Жалпы құрылыс қарқын алғанда мұнда 1 мыңнан астам жұмыс күші тартылады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |