ҚАРАЖАЛ

Қаражал қаласының даму жоспары талқыланды

Бөлісу:

Алдымен Қаражал қаласының әкімі Айқын Еелеусізов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, оның ішіндегі жобаларға тоқталды. Көлік инфрақұрылымы  бойынша қаланың  автомобиль жолдарынына, биыл 4,9 шақырым болатын 10 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу көзделген. Сондай-ақ Қаражал-Клыш жолының 13 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.


СНХ: Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі  01:47-02:08

Жолдарды күзгі-қысқы мезгілде күтіп ұстау үшін 90 млн. теңге бөлінді.Оның ішінде: 2,2 км - жол белгілерін салу, 300 мың м2 қара жолдарды қалпына келтіру жұмыстары, 28 дана - жол белгілерін орнату, жол тазалау және қар шығару, бағандық шамдар ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.


Жарықтандыру. Ағымдағы жылда Қаражал қаласында жалпы ұзындығы 1,8 шақырымға 4 көшеге 70 жарықтандыру бағаналарын орнату жоспарлануда. Бұл жұмыстарға бюджеттен 16,1 млн.теңге қарастырылған. Ағымдағы жылда қалалық бюджет жобасында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылысын және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға жалпы соммасы  6,4 млрд.теңге бөлінді.Сондай-ақ 2023 жылдан 2024 жылға өткен 5 жоба жалғасатын болады. Олар: Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәріз желілерін қайта жаңғырту жобасы, Қаражал қаласында бассейн құрылысы, Горняк" стадионын құрылыс жобасын салып аяқтау және   Ақтай шағын ауылындағы сумен жабдықтау желілерін салу жобасын аяқтау. 


Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі 

-бюджет есебінен 8 жаңа жобалар және «КазЦинк» ЖШС есебінен 2 жоба іске асыру қарастырылып отыр. Қаражал қаласында көліктерге арналған тұрағы бар гараж құрылысын (өрт сөндіру бекеті) салуға.Қаржыландыру – ЖБ, РБ/ОБ.Жобаның құны – 581,2 млн. теңге. Мердігер анықталды, шарт соммасы – 555,1 млн.теңге;Жәйрем кентінде көліктерге арналған тұрағы бар гараж құрылысын (өрт сөндіру бекеті) салуға.Қаржыландыру – ЖБ, РБ/ОБ. Жобаның құны – 840,9 млн. теңге.Мердігер анықталды, шарт соммасы – 803,9 млн.теңге.


Кәсіпкерлік бағыты бойынша: осы жылы жеке қаражат есебінен жалпы сомасы 540 млн.теңгеге 4 жоба жоспарланып отыр. Ал Денсаулық сақтау саласы бойынша ағымдағы жылда Қаражал қаласының емханасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады. Білім беру саласында да бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мәселен биылғы жылы Жәйрем кентінде №10, №30 мектептерге   күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

-Мектептің проектін жасаймыз деп едік қой теміржол ауданында. 80 орындық болған қазір 100 орындыққа ауыстырып жатырмыз.Дайын болған соң үкіметтен қордан қордан ақша сұраймыз.  


Жалпы Өңірдің әлеуметтік экономикасын және тұрғындардың өмір сапасын көтеру үшін біраз жобалар іске асырылуда. Ол жұмыстарды аяқтау үшін инвестиция тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты