ҚАРАЖАЛ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты - Қаражалда

Бөлісу:

Мәжілісменнің аралауы Қаражал мен Атасу арасындағы облыстық дәрежедегі жолдың 28 шақырымына жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылаумен басталды. Оны «Арқақұрылыс2009» ЖШС жүргізуде.

Кемал Мұқанов «Арқақұрылыс2009» ЖШС бас инженері

28 шақырымға 10 млрд 600 мыңдай бөлінді. Биылға 1 млрд 600 бөлініп жатыр. Соның ішінде мына мосты бар. Жер жұмыстары, асфальт жұмыстары бар.Бәрі соның ішіне кіреді. 

Ақтай мекені жанындағы бұрын салынып тозығы жеткен көпірде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды осының тамыз айында аяқтаймыз деп уәде берген мердігерлер енді 2025 жылы аяқтаймыз деп отыр. Техника мен адам саны жеткілікті. Жұмыстың 2025жылы аяқталуы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты деп түсіндірді.                                 Аманжол Әлтай одан әрі 2022жылдан бері қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан «Горняк»стадионында болды. Стадион әлі күнге дейін қолднысқа берлімеген. Бұл жерде де осы проблема, құрылыс материалдарының қымбаттауы болып тұр. 

Стадион маңына 2 қабатты ғимарат салынуда. Балаларға арналған бөлме мен әкімшілік бөлмелер болады. Жүгіру, футбол мен теннис алаңдары қарастырылған. Стадионның орындықтары түгел ауысқан. 

Зәмзәгүл ОСПАНОВА Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы 

Қарағандының фирмасымен жұмыс істеп жатыр. 1 жыл бойы бұл объект тұрып қалды. Өйткені баға қымбаттауына байланысты, құжаттарын қайта санауға берді.       

30 маусым күні аяқталуы тиіс нысан енді қазан айында қолданысқа берілмек. Мердігер осылай деп уәде беріп отыр. Ал, Қаражал қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бұл нысан бақылауымзда дейді. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 2022жылы басталып құрылысы тұралап қалған тағы бір нысанға барды. Тың жобаны шаһар тұрғындары су спортымен шұғылданамыз деп асыға күткен еді. «Балқаш жібек жолы» ЖШС құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаны түзетуге өтініш бергшен. Бүгінде жұмыс қайта жанданды. 25 мтерлік бассейн,стандартқа сай салынуда. 

Ермек ТӘЖІНТАЕВ «Балқаш жібек жолы» ЖШС  құрылыс басшысы

2022 жылы басталған обьекті.Бүгінгі таңда 960 млн ақша бөлініп отыр.Жартысы игерілді. 

Жоспар бойынша осы тамыз айында аяқталуы тиіс. Алайда мердігер қыркүйек айында толық қолданысқа береміз деді. Заманауи басеейінің жанына шамдар орнатылып, маңайы көгалдандырыралды. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты