ҚАРАЖАЛ / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қаражалда - қоныс тойы

Бөлісу:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Тұрғын үй саясатының негізгі қағидаты – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру» деген болатын. Мемлекет басшысы қойған тапсырма Қаражал қаласында оң шешімін табуда.. Қаладағы Шайхин көшесінде бой көтерген екі пәтерлі - 10 жаңа үйдің кілттері Республика күні қарсаңында салтанатты түрде табыс етілді.

Әлеуметтік топтағы тұрғындарға табыс етілген 1 пәтердің ауданы 100-110 шаршы метрді құрайды. Қоныс тойын тойлағандар қатарында көп балалы аналардың қуанышы ерекше.

Мұндай игілікті іс Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде де жасалуда. Қала билігі алдағы уақытта дәл осындай екі пәтерлі 12 үйді сатып алып, баспана кезегінде тұрған жандарға беруді жоспарлауда.

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты