Дәулетбай Халықов – Қаражалдағы «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігенде жұмыс істейді. Қала құраушы кәсіпорында табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына биыл тура 45 жыл екен. Оның 35 жылында - алып комбинаттың теміржол цехының бастығы қызметінде.
Дәулетбай Халықов, «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің теміржол цехінің бастығы
Негізгі бітірген мамандығым – инженер. Алматы теміржол институты.ның түлегімін. Біздің цехта 119 адам бар. Олар төрт бөлімше бойынша жұмыс істейді.
Дәулетбай Халықов басқаратын бөлімнің дені жастар. Оларға көрген-білгенімізді үйретіп, тәжірибемізбен бөлісу басты міндетіміз дейді – біздің кейіпкер.
Дәулетбай Халықов, «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің теміржол цехінің бастығы
Жастардың көбісі бірден бастық болғысы келеді. Ал, еңбек қара жұмыстан басталу керек. Бәріміз қатардағы жұмысшыдан бастадық.
Еңбектің арқасында ер атанған азаматтың қазыналы өңірдің қарыштап дамуына қосқан үлесі мол!
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы