ҚАРАЖАЛ

Би өнерінің білгірі

Бөлісу:

Татьяна Новоковская Қаражал қаласындағы балалар өнер мектебінің хореграфы. Жалпы, Қаражалдың  маңдайына біткен жалғыз шығармашлық жетекші десек те болады.Қаладағы мәдени шаралардың барлығы дерлік Татьяна  жетекшілік ететін «Дейлис Азия»  би тобынсыз өтпейді. 20 жылдан аса бимен айналысқан ол бүгінде 300-ге жуық шәкірт тәрбиелеуде. 

Татьяна НОВОКОВСКАЯ Қаражал қалалық балалар өнер мектебінің хореограф - педагогы


Бұл менің арманым болатын. Небәрі 4 сынып оқитын кішкентай қыз теледидар көріп отырып, билеп жатқан қыздарға қызықты. Кішкентай арманымды анам жүзеге асырды. Қолымнан жетектеп би үйірмесіне апарды. Содан бері би менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Өзі ісін сүйетін жандардың бірімін десем болады. Жұмыс істеп одан шабыт аламын. 


Бидің өз тілі, философиялық мәні мен мағынасы бар. Өз ісінің маманы балаларға бидің классикалық, халық, заманауи билерінің түр-түрін үйретеді.Шәкірттері  облыстық,республикалық жарыстарға қатысып, топ жарып келеді. 


Татьяна НОВОКОВСКАЯ Қаражал қалалық балалар өнер мектебінің хореограф – педагогы

-Балалармен халықаралаық, репбликалық,облыстық,қалалық жарыстарға барып, көптеген жүлделі орындарға ие болдық. Шәкірттеріме жарысқа қатысқан ұнайды.Үнемі сұранып тұрады. Алайда облыстан алшақ орналасқаннан кейін   көбінесе тасада қалып жатамыз. Кем дегенде жылана 2 рет жарыстарға қатысуға тырысамыз. 


Одан бөлек Татьяна Новоковская үйде отырған әйелдерге арнап би сабағын өткізеді. Оны Қаржалдағы әйелдердің бастамасымен қолға алған. Би тегін түрде жүргізіледі. 

 Галина СИМАХИНА Қаражал қаласының тұрғыны

Татьяна Василевньна өте талантты жан. Әркез бізге қолдау білдіріп отырады. Біз бұл жерде уақытымызыды тиміді өткіземіз. Бидің адамға тигізер пайдасы көп қой. Кейді ұрсып алады, кейде шабыттандырады. Баршаңызды келе жатқан ең әдемі мерекемен құттықатймын! 


Галина БАБУШКИНА Қаражал қаласының тұрғыны 

-Мен Татьянаны мақтан етемін. Менің қызыма да сабақ берді. Қазір ол Татянаның ізін қуып Қарағанды қаласында биші. Енді міне өзім де келіп жүрмін. Біздің қаланы үнемі көтеріп жүреді. Нағыз қаланынң жанашыры десем артық айтқаным емес. 


 Тамара КОРОРБКОВА Қаражал қаласының тұрғыны


Оның үйреткен әдіс-тәсілдері ерекше. Тез үйреніп аламыз. Жасым 75 те. Әлі де үйренерім көп. Әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. 


Иә, өнерге деген шынайы сүйсіпеншілік біздің кейіпкерімізді өнердің биігіне шығарды. Татьяна Новоковская бастаған топ әлі де талай додаларда топ жаратынана біз сенеміз. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, Айдос ӨМІрбекұлы «Ұлытау»телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты