Новости

«METALLURG FEST» ГАЛА КОНЦЕРТІ

«METALLURG FEST» ГАЛА КОНЦЕРТІ

Металлургтер күніне арналған апталық «METALLURG FEST» гала-концертімен мәреге жетті. Мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтарын Алаш алаңына жинаған айтулы кеш - әсем ән мен әсерлі қойылымға толы болып, өндіріс саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген металлургтердің мерейін үстем етті.

Мерекенің басты сахнасы көпшілікке - Қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шетелдік танымал өнерпаздардың концерттік бағдарламасын ұсынды. Металлургтердің кәсіпорын мен өңірдің өркендеуіндегі маңызды рөліне және бір аптаға жалғасқан мерекелік іс-шаралар туралы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының директоры Саят Атен толығырақ айтып берді.

Гала-концертте - Ilhan, Болат Құсайынов, БаянСұлу, аты аңызға айналған «Ялла» вокалды-аспаптық ансамблі, Садраддин және «Не просто оркестр» ұжымы өнер көрсетті. Өндіріс өлкесі - бір сәт әлемдік деңгейдегі өнердің ордасына айналды…

«0070 перевод: Баршаңызды Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін мен көрермендер мен кәсіпорын басшылығының назарына арнайы алып келген әнді орындадым. Бұл – Мұрат Құсайыновтың «Қазақмысқа» және Жезқазғанға арнап жазған туындысы. Осындай жылы қабылдау үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта сіздермен жиі жүздесіп, тек мереке күндері ғана емес, жақсы себептермен де Жезқазғанға жиі келіп тұруды қалаймыз»

— Болат Құсайынов, эстрада әншісі

«0090 2ШІ ЗВУКТАН: / Осынау бір қасиетті өңір, біздің қара шаңырағымыз десек те болады. Өркендей беруіне біз тілектеспіз. Құрметті металлургтер! Жалпы осы өндірістің айналасында жүрген жандар! Яғни сіздерге айтарымыз осындай еңбек адамдарының арқасында біздің еліміз өркендеп жатыр, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында экономикамыз гүлденіп жатыр. Сондықтан бүкіл Қазақстанның атынан сіздерге иіліп бас иеміз. Рахметімізді,алғысымызды айтамыз»

— Марат Оралғазин, шоу бизнес өкілі

Концерттің жанды дауыста өтуі, музыканттардың кәсіби шеберлігі мен сахнаның сәнді безендірілуі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жарық эффектілері, заманауи режиссерлік шешімдер және өнерпаздардың ерекше энергиясы мерекелік кештің ажарын ашты. Сахна төрінен металлургия саласының майталмандарына ақжарма тілектер мен алғыс сөздер де айтылды.

Осылайша, «METALLURG FEST» гала-концерті Металлургтер күніне арналған мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейдегі қорытындысы болды. Мыс балқытқан металлургтер мейрамы - мыс бұлағын ағызған Жезқазғанның жарқын мерекесіне айналды!

Источник: ULYTAU TV YouTube

По теме