Новости

«ПОГОНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТ»

«ПОГОНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТ»

«Погондағы журналист». Біздің әріптесіміз полиция формасын киіп, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысымен танысып көрді.

3753 Мен бүгін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың рөлін атқарып көремін. Бұл қызметтің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың заң талаптарын сақтауына көмектесу.

Балалардың қауіпсіздігі – бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектордың жұмысы тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмейді. Сала мамандарының ең басты міндеті - оның алдын алу. Осы мақсатта полиция қызметкерлері білім беру мекемелерін жиі аралайды. Ондағы мақсат...

3729 Дәл қазір біз мектептеміз. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар оқушылармен кездесу өткізіп, жасөспірімдерге заң талаптары мен қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында кейбір құқық бұзушылық түрлері көбейген. Осыған байланысты Инспекторлар арнайы рейдтік іс-шараларға шығып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы заңсыз сейілі мен ойын-сауық орындарын тұрақты қадағалап тұрады. Сонымен қатар бұл бағытта білім беру ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі. Дегенмен мамандар бала тәрбиесіндегі ең басты жауапкершілік ата-анаға жүктелетіндігін айтады.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәрбиесі - қоғамның ортақ міндеті. Бұл біздің - Инспектордың тынымсыз тірлігінен түйгеніміз!

Источник: ULYTAU TV YouTube

По теме