Новости

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Бұл жолғы тазалық жұмыстары Кеңгір көлінің жағалауында - Экологтар күніне арналды.

Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолға алуымен өткізілген «Таза жағалау» экологиялық акциясына 60 қа жуық адам қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты: Акцияға Ұлытау облысының Экология департаменті, Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы, «Ұлытау су қоймалары» мен «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Экологтар мен экология жанашырлары қоршаған ортаны қорғау мен тазалау бағытындағы жұмыстарда апта сайын белсенділік танытуда.

Источник: ULYTAU TV YouTube

По теме