Ұлмекен Қожасовнаың кезекті жұмыс күні басталып кетіпті. Осы салада 42жылдан аса еңбек етіп келе жатқан дәрігер алдына келген әр науқасқа аса жауапкершілікпен қарайды. Бұл - мамандықты таңдағанда өзіне қойған алғашқы талабы екен. 1982 жылы Қарағанды медицина институтын аяқтай сала еңбек жолын өзінің туған жері Қарсақбай кентіндегі ауруханада бастаған. Бүгінге дейін кәсібіне тек адалдық танытып келеді.
Ұлмекен Қожасова жалпы тәжірибелік дәрігер
2005 жылдан бері жалпы тәжрибелік дәрігер болып қызмет етіп келемін. Қазір аға дәрігермін. Менің қарамағыма Қарсақбай кенті ғана емес шалғай жерлер де қарадйы.Ақтас, Пионер сияқтық Жалпы менің қарамағымда 2500 адам бар. Мен осы еңбек жолымда өзімнің халықма қызмет етіп келемін.
Білікті терапвет дәрігер күніне 10-ға жуық науқасты қабылдап, қажетті ем-дом тағайындайды, кеңесін береді. Тек Қарсақбай кенентінде ғана емес шалғай ауылдарға да барып ем жүргізеді . Зейнетке шықса да ауылда дәрігердің жетіспеушілігенен науқастарға қарап жүр. Себебі, жастардың келгісі жоқ дейді.
Ұлмекен Қожасова жалпы тәжірибелік дәрігер
3 жылдан бері осы Қарсақбайға жас мамандарды тартып жатрмыз. Алайда ауылға келгісі келмейді. Себебі бәрі қалада тұрғысы келеді.негізінен ауылдық жерлерге жалпы тәжірибелік дәрігерлер ауадай қажет.
Мамандықты қапысыз таңдап, қызметін адал атқарғандар ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз болар. елдің алғысы – дәрігер үшін ең басты марапат. Оны бүгінгі кейіпкеріміз де дәлелдеп берді.
Ұлмекен Қожасова жалпы тәжірибелік дәрігер
Мынау 42 жылдың ішінде осы кентте қызмет еткеніме өкінбеймін. Маған деген халықтың құрметі алғысы жетерлік. Осы ауылдағы кішкентай баладан еңкейген қартқа дейін еңбегімді бағалайды.
Бүгінгі кейіпкеріміз халық денсаулығын нығайту жолында антына адалдық танытып, әлі де аянбай қызмет атқаруға әзір.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |