ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР
ULYTAUTV 27-янв, 14:04 193 Жезқазған қаласы / Ұлытау облысы / ХабарламаЖедел алдын алу шарасы қала әкімдігі мен жергілікті полиция басқармасы және қалалық прокуратура өкілдерінің бірлесе қолға алуымен жүргізілуде. Түнгі рейд барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар, ойын-сауық орталықтары түгелдей тексерілді.
Жалпы кәмелетке толмағандар санатына 14 жастан асқан, 18 ге толмаған жасөспірімдер жатады. Рейд кезінде сағат 23:00-ден кейін компьютер клубтарында болған бес жасөспірім ұсталды. Оның біреуін ойын орталығынан ата-анасы алып кетсе, үлкендердің қарауынсыз қалған төртеуі шұғыл Жезқазған полиция басқармасына жеткізілді. Аталған ретте – ата-аналарға хаттама толтырылып, айыппұл салынады.
«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасының көздеген тағы бір мақсаты: қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «ҰЛЫТАУ»