Бүгінде Жезқазған мыс қорыту зауытында Ауған соғысына қатысқан 9 адам жұмыс істейді. Жат жерде бір атаның баласындай бірігіп, бітімгерлік үшін күрескен батырларға құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың борышы.Оларға құрмет көрсету зауытта да дәстүрге айналған. Кәсіпорын директоры Саят Әтен мерекелік шараның майталмандарын құттықтады.
От пен оқ ортасында жүріп, қатарластарын да қара жерге тапсырған жауынгерлер – бүгінде елге сыйлы ардагерлер. Бүгінгі ұрпақ үшін мұның бәрі тарих парағы болса, Қайрат Есмурзин сол соғысты өз көзімен көрген.
Қазір жер-жерде ауған соғысының ардагерлерін жаппай кездесулерге шақырып, олардың ерлігі жастарға үлгі ретінде көрсетіліп жатыр. Оларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды, жоғалмақ емес.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ