ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Енді соғыс болмасын

Бөлісу:

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшылары Ауғанстанға әскер кіргізу туралы шешім қабылдайды. Нәтижесінде, сол жылдың 27 желтоқсанында Кеңес әскері Ауғанстан шекарасынан өтіп, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізеді.


Интернационалдық борышты орындау үшін Ауғанстанды картадан ғана көрген талай бозбала ауылдарынан аттанды. 10 жылда Ауған соғысында Кеңес үкіметінен 500 мыңнан астам әскери қатысқан.Оның ішінде 117 жезқазғандық бар.  Сол кездері тас жастанып, тау қопарған жалынды 20 дағы жігіттер бүгінде 50 ден асқан елдің ағалары...


Серік Исақов Ауған соғысының ардагері 


Әйтеуір елге аман есен оралдық.Құдайға шүкір, біздің бар екенімізді біліп, бүгін міне ауған соғысында қайтыс болған бауырламызыды еске алып, гүл шоқтарын қойып жатырмыз. Соғыс болмасын, соғыс деген ең жаман нәрсе.Бірақ әрқашанда ер азматтар өз отанын қорғауға дайын болсын.


Бүгінгі өткен митингте олар өмірлік естеліктерін айтып, майдан даласынан оралмаған қаруластарының азапты сәттерін әңгімеледі. Он жылға жуық уақытқа созылған соғысқа 22269 қазақстандық жауынгер жұмылдырылған. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 сарбаз хабар-ошарсыз кеткен, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты