СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ
ULYTAUTV 14-фев, 11:24 193 Жезқазған қаласы
Нәтижесінде қауіп деңгейі үш санатқа бөлінген. Біздің өңір қызыл аймақта. Іргеге жеткен апатпен ерлікпен күрескеннен гөрі оны болдырмаған тиімді. Қазіргі кезде облысың 27 елді-мекенінде су басу қаупі анықталып отыр, оның 16 елді мекеніндегі қауіп төмендетілген.
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облысы ТЖД бастығы
-
Ұлытау ауданындағы Жезді өзенінің 2 шақырым жеріне санация жұмыстары жүргізілуде. Аймақтағы су қоймалары назарда. Іс-шаралар жоспары бекіген,арнайы штаб құрылған. Тиісті техникалар және материалдар сақадай-сай. Су басу қаупі бар деген елді мекендерден қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облысы ТЖД бастығы
-
Биыл да арқаны кеңге салуға болмайды деп басқа өңірлерге көмекке 34 адам мен 6 бірлік техниканы да дайындап қойған. Ал, дайындық барысы «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу жаттығу барысында қосымша тексерліп пысықталады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ