Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында “AMANAT” партиясының Ұлытау облыстық филиалы мүшелері әр апта сайын “Таза бейсенбі” экологиялық акциясын жүзеге асырып келеді. Таза бейсенбі акциясы өңірімізде таңғы 9:00- ден басталады.
Маусымның 6-сынан бастау алған науқан әр апта сайын көлемін ұлғайтып, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жолғы экологиялық акцияға «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалы , «TRANCO JEZZ»ЖШС-нен 100 ге тарта қызметкер бой көрсетіп, 2 шақырым аумақты ірілі-ұсақты қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бақытжан СУЛЕЙМЕНОВ “TRANKO JEZZ” ЖШС станция комбинациясының басшысы
Жалпы, менің өз ойым- Жезқазған қаласының әрбір тұрғынын осы тазалыққа ат салысу борышы, міндеті деп ойлаймын. Мусорлар әжептәуір бар. Бір 50-60 шақты әріптестеріміз шықты. Енді Алла қаласа осы жерімізді тап-таза қыламыз деген ойдамыз.
Ұжымдық рух пен ауызбіршілікті көрсететін және халықты игілікке шақыратын экологиялық акцияның халыққа берері көп. Тазалықты жалау еткен қоғамдық ұйым қызметкерлері өзен-көл жағалаулары, қоқыс алаңдары, көше бойын тазалау жұмыстарын атқарды.
Гүлбану СЕЙТЖАНОВА “AMANAT” партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі
Біздің алдағы мақсатамыз- әр бейсенбі сайын Кеңгір өзіні маңайын тазалау. Бұл жерге әрине үлкен күш керек. Сондықтан, үлкен организациялармен бірлесе отырып, қаланың волонтерлары бар, жасыл ел отрядтары бар, қала депутаттары бар және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларының жетекшілік етуімен осы қаланың тазалығына ат салысуда.
Сондай-ақ акцияға «Жасыл ел»еңбек жасақтары да қатысты.Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын Таза Қазақстан акциясы қала тұрғындарының басын біріктіретін ауқымды шара деп есептейміз.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ “ҰЛЫТАУ ” ТЕЛЕАРНАСЫ