Жезқазғанда өрттің қауіпті кезеңі 1сәуірден басталды. Қазіргі таңда азаматтық қорғаныс қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жоспарын құрды.
Дидар ҚҰЙҚАБАЕВ Жезқазған қаласы ТЖБ бастығы
ерікті өртке қарсы құрылым Жоғарыда көрсетілген фактілердің алдын алу мен болдырмау мақсатында Жезқазған қаласы аумағында 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңі қарсаңында өрттерді, оның ішінде дала өрттерін сөндіру үшін жергілікті атқарушы органда жалпы саны 17 адамнан тұратын 3 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды.
Жаз мезгілі дала өрттерінің өршуімен де қауіпті.Сондықтан да ерікті өртке қарсы құрылымдар дала өрттерін сөндіруге арналған қажетті құралдырмен қамтамасыз етілген.
Дидар ҚҰЙҚАБАЕВ Жезқазған қаласы ТЖБ бастығы
Кеңгір мен Малшыбай селолық округтері 2 мотопомпамен,олар 300 мобильді әмбебап өрт сөндіру модулі) және 2 соқамен жабдықталған.
Айта кетейік, азаматтық қорғау қызметкерлері өрттің қауіпті кезеңі басталғалы 778 тұрғын үйді, 275 саяжай учаскесін аралап профилактикалық жұмыстар жүргізген. Оның барысында 3012 азаматқа нұсқау беріліп, 5813 жадынама таратқан.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ