Үш кезеңнен тұратын “Мерейлі отбасы” байқауының қалалық кезеңіне биыл 10 отбасы қатысуға ниет білдіріп, өтінімдерін тапсырып, отбасылық партфолио мен материалдарын өткізген болатын. Нәтижесінде,қалалық комиссияның шешімімен 6 отбасы оқ бойы оз шауып қалалық кезеңге жолдама алды.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Біздің Жезқазған қаласының өзінде жылына 400-ге жуық шаңырақ отау тігеді екен. Ендеше, осындай шаңырақтар көп болсын, осындай жаңадан шаңырақ көтеріп жатқан отбасылар сіздер сияқты, мына ортамызда отырған ақ жаулықты аналарымыз сияқты, әкелеріміз сияқты өнегелі отбасылардан үлгі алсын деп тілейміз. Мереке құтты болсын. Баршаларыңызға тек қана жақсылық тілейміз. Осындай “Мерейлі отбасы” байқауындағыдай отбасылар көп болсын.
Аталған жарыстың қорытындысы бойынша биыл үшінші орын екі отбасыға бұйырды. Рысмағанбетовтар отбасы мен Байболатовтар отбасы үшінші орынға ие болып 50мыңдық сертификатпен марапатталды. Ал екінші орынды Рахимберлиндер отбасысы мен Балқыбаевтар отбасысы иеленді. Екінші орын иелеріне 80 мың теңгелік сертификат табысталды. «Мерейлі отбасы-2024» Ұлттық байқауының қалалық кезеңінде бірінші орын Аубакировтор отбасына бұйырды. Бірінші орын иегерлерін «Мерейлі отбасы -2023» Ұлттық байқауының Жезқазған қаласы бойынша жеңіпаздары- Доспановтар отбасысы марапаттап 100мың теңгелік сертификатты табыстады.
Аубакировтар отбасы Бірінші орын иегері
Отан-отбасынан басталады демекші, бізде бағымызды сынап, 6 ұл,2 қыз тәрбиелеп отырып осындай үлкен жобаға қатысуға жөн көрдім. Нәтижесінде бірінші орынға ие болып, өзіміздің тиісті жүлдемізді алдық. Біз осыдан 6 жыл бұрын жай номинация алған болатынбыз. 6 жылдан кейін осы екінші рет.
Кезек «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының қалалық кезеңінің Бас Жүлде иегеріне де келіп жетті. Сонымен, Бас Жүлде бүгінгі таңда үлкен әулет болып отырған- Айтмұхановтардың қанжығасында.Енді олар облыстық кезеңде бақтарын сынайтын болады.
Күлжәмила АДЫРБАЕВАБас жүлде иегері
Еңбегімізді бағалап, осылай қылып марапаттап жатқанына көп алғысымызды айтамыз. Баланы өсірдік,солдардың бәрінің енді еңбегінің жемісін көріп жатырмыз. Рақмет осылай қылып елеп жатқандарыңа.
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған ауқымды шара.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |