Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында облыс халқының саны 221 582 адамды құрады.Ал, орташа айлық жалақы болса 450мың теңгеден 501мың теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар, барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалған
Данияр АРЫНҒАЗИН Ұлытау облысы экономика басқармасы басшысының орынбасары
Құрылыс бізде алты ай ішінде 20 пайызға ұлғайды. Инвестициялар 17 пайызға ұлғайды былтырғы жылмен салыстырғанда. Жалпы сомасына келетін болсақ 77,4 млрд теңгеден астам жыл басынан инвеститция облысымызға құйылды. 90пайызы жеке инвеститция болып табылады. Одан кейін сауда және өнеркәсіп салалары да өте қарқынды дамуда. Оларда жаңағы 4,3 пайызға сауда өсті, өнеркәсіп 3,4 пайызға өсті. Сонымен қатар, өздерініңізге белгілі болғандай экономиканың негізгігісі жаңа құрылыс саласы былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсті.
Сондай-ақ, алдыңғы жылмен салыстырғанда көлік және қоймалау саласында бірқатар кемшіліктер орын алған. Мұнайды құбырлар алқылы тасымалдау бойынша тарифтердің төмендеуі кері әсерін тигізіп, бұл салада 10,7пайызға төмендеу байқалған. Алайда бұл көрсеткіш қолда бар резервтер есебінен қамтамасыз етілетіндігін баяндады. Ал бюджетке келер болсақ, Ұлытау облысының 2024 жылға арналған бюджеті 209,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 86 млрд теңге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен бюджеттік кредиттер 41 пайызды құрайды.
Данияр АРЫНҒАЗИН Ұлытау облысы экономика басқармасы басшысының орынбасары
Жалпы біздің облысымыздың бюджетіне 40 пайыздан астам осы алып компаниялардың салық төлеуі есебінен есептеледі. Жыл басынан бері облыс құраушы, қала құраушы кәсіпорындардың өндірілген өнім көлемі жалпы 390млрд теңгені құрайды немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы 82 пайызы. Бізде жыл басынан бері былтырғы жылдың кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға өсті инвестиция көлемі және оның сомасы 77 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, салық түсімдерінің 38,9 пайызы немесе 48,2 млрд теңге қала құраушы «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорынына тиесілі. 2022 жылмен салыстырғанда облыс бюджеті 2 есеге, трансферттер 2,7есе ал, меншікті кірістер 1,9 есеге ұлғайған.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |