Қаныш ғалымның атын жаңғыртып, өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі етіп насихаттау мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейіт пен Сәтбаевтің жолын жалғаған ізбасарлары, ақсақалдар алқасы мен студенттер қауымы қатысты. Жиналғандар Қаныштың сан қырына шолу жасап, оның әлі де зерттеуді қажет ететін мол мұрасы жайында жан-жақты баяндамалар жасады.
Әбділмәлік Тәкішев, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінің ректоры
Қаныш Имантайұлы өзінің өміріндегі Жезқазғанның маңыздылығы жайлы былай дейді: «Менің өмірімнің жарқын жылдары Жезқазғанмен тығыз байланысты. Осы ғажайып өңірде жүргізген зерттеулерім қатардағы қарапайым инженер-геологты академик қылып шығарды.
Конференция барысында мінбеге көтерілген спикерлер мен студенттер түрлі ой пікірлерін ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың берері мол дейді.
Мұрат Қазанбаев, Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жезқазғанды – Қаныштан бөліп қарауға болмайды. Біздің өңірдің өсіп-өркендеуіне, осы бүгінгі дәрежеге жетуіне бірден бір себеп болған адам осы кісі. Мұндай іс шара болашақ ұрпаққа үлкен бағдар болу керек.
Иә, Жезқазған – қазығын Қаныш ғалым қаққан қала! Жерінің асты қазына, үсті ырысты құт мекен мысты өлке тарихына академиктің есімі алтын әріппен жазылған. Конференция жұмысы – университет студенттері мен шаһардағы өнер ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы