Тергеу барысында құрылыс нормалары дұрыс орындалмаған және жобалау құжаттамасынан да ауытқулар анықталған. Нәтижесінде бұл олқылықтар Жезді өзенінің су өткізу қабілетінің төмендеуіне алып келген. Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы бұл жұмыстардың орындалу барысын тексермеген. Іс-жүзінде дұрыс жүргізілмеген жұмыс актілеріне қол қойған. Сонымен бірге техникалық және авторлық қадағалаушылар да құрылыс орнына бармастан, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.
Нұрсұлтан ИБАДІЛДАЕВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі
Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен Конституцияның 77-бабы 3 тармағының 1 тармақшасына және ҚР ҚПК 19 бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленге дейін барлығы кінәсіз деп есептеледі.
Басшылардың шала жұмысының нәтижесінде көктемгі су тасқыны кезінде 10 үй суға кеткен. Сонымен бірге су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланған еді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |