Ғылыми зерттеу жұмыстары былтыр сәуір айынан басталған. Ауадан 1,5 млн-ға жуық, топырақтан 3000-нан астам және судан 600-ге жуық сынама алынды. Өңірдегі өсімдіктер мен жануарлардың да жай-күйі тексерілді. Халықтың денсаулығын бақылады.Әр айда атқарылған жұмыстары жөнінде комиссия мүшелері мен аймақтың қоғамдық өкілдері алдында есеп беріп келді.
Ерлан САДУАҚАСОВ «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС Ұлытау облысындағы өкілдігінің директоры
Тұжырымдамаларымызды беріп жатырмыз қандай бағыттар бойынша осы территорияны экологиялық апат немесе төтенше жағдай деп тану жөнінде. Егер тоқталып кететін болсақ, мысалы, Сәтпаев, Жезқазған, Талап, Жезді, Қарсақбай, Кеңгір ауылдарының территориясы топырақтың ластануы бойынша біраз аумағын экологиялық, төтенше жағдай аймағына жатқызуға болады.
Яғни, облыстың кейбір аумағында экологиялық көрсеткіштер бойынша мөлшерден ауытқу бар екен. Енді қоғамдық тыңдау өтеді. Содан кейін Экология министрлігіне соңғы жауап алу үшін жіберіледі.
Ерлан САДУАҚАСОВ «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС Ұлытау облысындағы өкілдігінің директоры
Оң жауабын алсақ, онда Үкімет іс-шара жасап, қай жерде қандай бағыт бойынша төтенше жағдай жариялауға болады деген тұжырымдама беріліп, содан жұмыстар әрі қарай жүргізілетін болады.
Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып келген «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС осындай тұжырымдама жасап отыр. Егер министрлік мақұлдаса экологиялық апат аймағы деп танылуы мүмкін.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |