РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Республика күніне арналған мерекелік концерт Сәтбаев қаласындағы Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтті. Оған облыс әкімі Есет Байкен, өңір тұрғындары мен Республика күніндегі салтанатты шарада марапат алғандар арнайы қатысты.
Салтанатты іс-шара алдында облыс әкімі Есет Байкен өңір қалалары мен аудандары ұсынған көрмені аралады. Көрме сөрелерінен жергілікті елді-мекен жетістіктері, мәдени мұрасы мен қолөнер туындылары орын алды. Әр экспозиция аймақтардың өзіндік келбетін танытып, Ұлытау өңіріне тән дәстүр мен шеберлікті паш етті.
Көрме таныстырылымынан кейін мерекелік концерт басталды. Сахнада өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар өнер көрсетіп, көпшілікке әсем ән мен әсерлі шығармаларды ұсынды. Ұлттық нақышпен өрілген концерттік бағдарлама мерекенің сәнін келтіріп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Республика күні - елдігімізді айқындап, тәуелсіздіктің тарихи маңызын еске салатын айтулы күн. Сәтбаевтағы мерекелік кеш осы күннің мәнін өнер арқылы жеткізіп, жұртшылықтың ортақ қуанышына ұласты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


