«ҰЛЫТАУ ҰЛАНЫ – 2026»

Ұлытау облысында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастар марапатталды. Республика күніне орай облыс әкімінің «Ұлытау ұланы» сыйақысы салтанатты түрде табысталды.
Ұлытау ұланы» – өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салада табысқа жеткен жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі сыйлық. Салтанатты шарада үздік атанған жастардың еңбегі бағаланып, жетістіктері көпшілікке үлгі етілді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев құттықтау сөз сөйлеп, жас буынның өңір дамуындағы рөліне тоқталды.
Жастар сыйлығы биыл сегіз бағыт бойынша табысталды. Атап айтқанда, жас көшбасшылар, еңбек адамдары, жас кәсіпкерлер, жас өнерпаздар мен жас спортшылар, еріктілер мен медиа саласының үздік жас өкілдері марапат төрінен көрінді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйақы берілді.
Марапатталған жастардың қатарында біздің әріптесіміз де бар. «Ұлытау» телеарнасының тілшісі Айдана Базарбайқызы «Жас медиакөшбасшы» номинациясына үздік үштікке еніп, құрмет биігіне көтерілді.
Салтанатты кеште жеңімпаздарды марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен жалғасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйЛЫҚТЫҢ басты мақсаты – талантты әрі бастамашыл жастарды ынталандыру, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және жаңа жетістіктерге жол ашу.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


