Базаркүл Үмбетова
Базаркүл Сейітжанқызы Үмбетова — «ULYTAU» облыстық телеарнасының креативті директоры, медиа-менеджер, «Қазақстанның құрметті журналисі». Кәсіби жолын Жезқазған облыстық телевизия және радио хабарларын тарату комитетінде бастаған. Әр жылдары Қазақ телевизиясының «Астана» студиясында, Қазақ радиосының «Астана» редакциясында, «Астана» радиосында, «Объектив.kz» ақпараттық-сараптамалық порталында, Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығында қызмет атқарған. Теле- және радиожурналистикаға 40 жылдан астам ғұмырын арнаған. 2026 жылы «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы мен «Қазақстанның үздік медиаменеджері» құрметті атағына ие болды, Қазақстан Бас редакторлар клубының Ұлытау облысындағы ресми өкілі болып тағайындалды. «Күзде туған көктеммін» және «Жүректе қайрат болмаса...» кітаптарының авторы. Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты.