Материалдарды пайдалану ережесі
ULYTAU TV материалдарын көшіріп басу және пайдалану тәртібі.
ulytau.tv сайтындағы мәтіндер, фотосуреттер мен бейнелер — «ULYTAU облыстық телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің (БСН 970740001390) меншігі және Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалады.
Рұқсат етіледі
- материалдың тақырыбы мен бір-екі абзацын сілтемемен келтіру;
- әлеуметтік желілерде материалдың сілтемесімен бөлісу;
- YouTube арнамыздағы бейнелерді YouTube-тың өз ойнатқышы арқылы ендіру.
Міндетті шарт
Кез келген пайдалану кезінде дереккөз көрсетіледі: «ULYTAU TV» және материалға белсенді (басылатын) сілтеме. Сілтеме мәтіннің басында немесе соңында, оқырманға көрінетін жерде болуы керек.
Рұқсатсыз тыйым салынады
- материалды толық көшіріп басу;
- фотосуреттер мен бейнелерді жүктеп алып, өз атынан жариялау;
- суреттердегі логотипті кесу немесе жасыру;
- материалдарды автоматты түрде (бағдарламалар арқылы) жинау.
Рұқсат алу
Материалды толық немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін редакциядан жазбаша рұқсат алыңыз: +7 (707) 140-90-00, didar_2002@mail.ru.
Ереже бұзылған жағдайда редакция заңда көзделген шараларды қолдануға құқылы.